• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Желтоқсан, 2024

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

46 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 12 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ іс-шарада палата комитеттерінің осы аптадағы көшпелі отырыстарында қаралатын мәселелер талқыланды.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасын­дағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдар­ла­­­масы – 1-кіші бағдар­лама) ра­­ти­фикациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвес­тициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискал­дық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келі­сімді («Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу» атты даму сая­сатын қаржыландыруға арнал­ған қарыз) ратификациялау туралы» заңдарды қарайды.

Сондай-ақ палата отырысында «Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заң­намалық регламенттеуді бол­ғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл заңда «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қызметін құқықтық реттеу көз­делген. Аталған жүйені құру жөнінде Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтқан еді.

«Келешек» бағдарламасы жоғары білім беруді, колледж­де немесе магистратурада оқуды қоса алғанда, білім беру жинақ­тарын қалыптастыруға ар­нал­ған. Бұл бастама мемлекет­тің, ата-аналардың және қар­жы институттарының қатысуын көздейді.

Сонымен қатар бюрода Мәжі­лістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.