Астанада ер адам лифт ішінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаменті мұндай оқиғаның болғанын растады.
«Қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.