• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Көрме 11 Желтоқсан, 2024

Озық техникалар көрмесі

38 рет
көрсетілді

«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Kaztraffic-2024» көрмесі өтті. Оған АҚШ, Еуроодақ, Ресей, Қытай, Өз­бекстан және басқа елдердің 100-ден астам жетекші компаниясы қатысып, соңғы үлгі­дегі жетістіктерін ұсынды.

Көрме аясында жаңа өнімдер – жол құрылысы техникасы, жабдықтар мен аспаптар көпшілікке таныстырылды. Олар таяу болашақта жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымының құрылысы туралы әдеттегі ұғымдарды өзгертпек.

«Жол саласын одан әрі дамыту бо­йынша бірқатар міндет тұр. Атап айт­қанда, жолдың пайдалану жағ­дайын қамтамасыз етіп, сапасын арт­ты­ру керек. Сондай-ақ заманауи жол инфра­құрылымын құрып, он­дағы қауіп­сіздікті тиімді басқаруды қам­тамасыз ету маңызды. Жазғы және қысқы жолдарды күтіп ұстаудың қа­жетті деңгейін қалыпты ұстау да өзек­ті», деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөндеу жұмысымен қамтыл­ған. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахан сияқты жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жол жобасын қайта жаңғырту жұмысы аяқталып жатыр.

«Ірі жобалардың аяқталуына байланысты елдің транзиттік әлеуетін одан әрі жақсартуға қатысты жаңа жоба дайындау жұмысы басталды. 2029 жылға қарай ұзындығы 4 500 км құрайтын 12 жобаны жүзе­ге асыру жоспарланды. Қазір жоба­лық құжат дайындалып, қаржы көз­дері мен оларды тарту тетіктері пы­сықталды. Соңғы жобаларды іске асы­ру тәжірибесін ескеріп, мердігер мен жобалаушы жауапкершілігін арттыру мақсатында халықаралық қаржы институты қолдауымен бұл жобаларға EPCM келісімшарттары мен FIDIC қағидаттары енгізілді», деді М.Қарабаев.

Көрмеге «Q Smart-PM» асфальты­ның тұрақтылығын арттыруға ар­налған модификатор, «Q Smart-P» бетон жолдарының беріктігін нығай­татын қоспа, топырақты нықтап, нығыздауға қолданатын «Q Smart-S» материалы қойылды. Ал көктайғаққа қарсы «Q SmartAntiGlaze» экореагенті мен «Q Smart» жеке бренді, сондай-ақ ҚазжолҒЗИ-дың бірқатар әзірлемесі жан-жақты таныстырылды.

«2024 жыл институт тарихындағы маңызды кезең болды. 65 жылдық – жай ғана атаулы күн емес, көпжылдық еңбек пен жетістіктердің көрсеткіші. Ондаған жыл бойы жоғары кәсіпқой­лықты, іске деген адалдық пен даму­ға ұмтылып келе жатқан ұжымды мақ­тан тұтамыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ басшысы Арман Әлібаева.

Бүгінде институт автомобиль жолдарын диагностикалау, материалдар сапасын бағалау мен жобаны ғы­лыми сүйемелдеуге арналған жабдық­тармен толық қамтамасыз етілген. Ұжымда ғылым докторлары мен канди­даттар, сондай-ақ жас мамандар бар. ҚазжолҒЗИ халықаралық өнер­та­быстарға 19 патент алды. Бұл оның ғылыми әзірлемелер жасау барысын­дағы көшбасшы екенін растайды.

ҚазжолҒЗИ жол саласы үшін бірқатар маңызды және бірегей цифр­лық өнім жасады. Оның қата­рында көше-жол желісі мен СУЭМ көпір­лерді пайдалануды басқару жүйе­сін, жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын, «Jolshy» цифрлық базасын, ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал ететін «Jollab» зертханасына арналған электрондық платформа бар.

«Kaztraffic-2024» көрмесі ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиа­ция, аграрлық сектор, өнеркәсіптік өндірістің барлық түрі, өндіруші кешен, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілінің мақсаты мен мүддесін біріктірді. Әрбір келуші экспозицияларымен жеке танысуға, саланың әлемдік көшбасшыларының өкілдерімен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алды.