• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Қаржы пирамидалары 20 млрд теңге шығынға батырды

58 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қар­жылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фак­­тілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді. Бүгінде 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген.

Бұл туралы ҚМА мен Ғылым және жоға­ры білім минис­трлігімен бірлесіп еліміз­дің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырыл­ған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды. Шара «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы аясында өткізілді.

Агенттікте алаяқтық жоба­л­ар­дың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді. Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталыпты. Оларға қатысты әлеуметтік желі­лерде 300-ге жуық чат жабыл­ған. Шамамен 2 млн-ға жуық қатысушы – әлеуетті салымшы болған.

Осы жылы әлеуметтік желі­лерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайт­тарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталған.

Жалпы, мынадай белгілері бар компанияларға толыққанды күмәнмен қарауға болады:

Тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табысты уәде етсе; Жаңа клиенттерді міндетті түрде тарта бастаса; Интернетте белсенді жарнама жасаса; Компания елімізде тіркел­ме­се немесе жақын арада тір­келсе; Қандай да бір заңдық сүйе­мелдеу болмаса (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы); Салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктер қатыспайтын төлем жүйелері арқылы қабыл­дағысы келсе.

Агенттікте қаржы пирами­даларының белгілерін тексеру­ге мүмкіндік беретін «Baiqa, pira­mida!» Telegram-боты іске қо­сулы. Егер сіз немесе жақын­дарыңыз қаржы пира­мидасының әрекетіне тап болсаңыз, тұрғылықты же­ріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінгеніңіз жөн болады.