• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:50

Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады

25 рет
көрсетілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосып жатыр. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектебінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілген. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады.

«Негізгі мақсат - қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.