Биыл қалада үш жаңа жылдық шырша орнатылады. Алайда бұл мақсаттарға бюджеттен ақша жұмсалмайды. Барлық шығынды демеушілер көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл жаңа жылдық шыршалар Керуен-Сарай кешенінің аумағына және Жеңіс саябағына орнатылады. Бас шырша қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасады.
Айта кетерлігі, биыл қала әкімдігі мерекелік безендіруге бюджеттен қаржы бөлмеген. Қаланы безендіру демеушілер есебінен жүзеге асырылады.
Түркістанда көшелер мен алаңдарды жаңа жылдық безендіру бойынша барлық жұмыстар Тәуелсіздік күнін мерекелеуден кейін басталмақ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы да Түркістанда жаңа жылдық мерекеге бюджеттен қаржы бөлінбеген еді.