• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2024

Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды

100 рет
көрсетілді

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында Достық-Мақаншы тасжолында жүк автокөлігі қар құрсауында қалып қойған, жүргізуші бірден 112 пультіне жүгінген.

ТЖМ құтқарушылары қатты боранға қарамастан, шақыру орнына келіп, фураның жүргізушісі мен жолаушысын Алакөл ауданының Достық станциясындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін эвакуациялады.

Саяхатшылар аман-есен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.