Абай облысындағы тасжолдың бірінде екпіні күшті желдің салдарынан жүк көлігінің тіркемесі аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция оқиғадан зардап шеккендердің бар-жоғын айтпады.
- 14 желтоқсанда күндіз Алматы - Өскемен тасжолының 938-шақырымында соққан жел техникадан күштірек болып, Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді, - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жеткен. Тексеруден кейін, алдын ала мәлімет бойынша, полицейлер оқиғаға қолайсыз ауа райының себеп болғанын анықтады.