Қостанай облысында тас жолдың бірінде жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
Басылым жол-көлік оқиғасының дүйсенбі, 16 желтоқсан күні түс ауа Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында болғанын жазады. Қарасу ауданы, Херцено ауылынан 10 шақырым жерде Volvo және Toyota Alphard көліктері соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
Ажал құшқандардың барлығы Toyota Alphard микроавтобусында болғаны анықталды.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тергеуді бастады.