• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Желтоқсан, 2024

АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды

107 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Висконсин штатындағы Мэдисон қаласындағы христиан мектебінде жасөспірім атыс ұйымдастырып, салдарынан кем дегенде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні ғимарат ішінен өлі күйінде тапқан.

Полицияның мәліметінше, балабақшадан 12-сыныпқа дейін 390-ға жуық бала оқитын христиан мектебінде атыс салдарынан кем дегенде тағы алты адам зардап шеккен. 

Мэдисон полициясының басшысы Шон Ф.Барнс атыс болған жерге барған офицерлер қару қолданбағанын айтты. Ол күдіктінің жасөспірім екенін, болжам бойынша осы мектептің оқушысы екенін түсіндірген.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің Мэдисондағы жергілікті билік органдарымен байланыста және қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.