Ауа райының нашарлауына байланысты облыс тас жолының бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 10:00-де Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:Қостанай облысы:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығы.Ақмола облысы:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы.