• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:10

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

31 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 436,4 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 1 триллион 81,9 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, ал 2 триллион 354,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақы үшін бөлінгені хабарланды. 

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 428 мың адамды құраған.

«2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге», делінген хабарламада.

Айта кетейік, қарашада зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге.