Теннис 18 Желтоқсан, 2024

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін беделді турнирде өнер көрсетеді

102 рет
көрсетілді

19-22 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) World Tennis League атты ірі теннис турнирі өтеді. Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спорттық шараға Елена Рыбакина және Александр Шевченко қатысады.

Рыбакина Falcons командасының сапында өнер көрсетсе, ал Шевченко Eagles құрамына енді.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Грекия), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).

Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).

Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).