Президент 18 Желтоқсан, 2024

Екі ел Президенттері Бірлескен мәлімдеме қабылдады

92 рет
көрсетілді

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Гвинея-Бисаудың ресми делегация мүшелері келесі құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Гвинея-Бисау Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және қауымдастық министрлігі арасындағы саяси және дипломатиялық консультациялар туралы меморандум;3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Гвинея-Бисау Республикасы Көлік, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.