• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.66
  • EUR:
    550.21
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 15:32

Биыл Алматыға 1,7 миллион турист барған

33 рет
көрсетілді

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыт ретінде позициясын нығайтып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерболат Досаев 2024 жылдың 9 айында Алматыға 1,7 миллион турист келгенін, оның ішінде 507 мыңы шетелдік қонақ болғанын айтты.

«Алматының өңірлік туристік орталық ретінде танылуы жоғары халықаралық бағалармен расталады. Біздің қаламыз ең жақсы 5 шаңғы бағытының қатарына енді және саяхаттауға ең жақсы 10 жердің бірі ретінде аталды. 2024 жылдың қарашасында өткен Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде Алматы 60 елдің қатысушылары қалаларының арасында ең үздік туристік бағыт мәртебесін алды», деді қала әкімі.

Сонымен қатар әкім Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа инвестициялық цикл басталғанын атап өтті. Қабылданған шаралардың арқасында бүгінде Алматы еліміздің шикізаттық емес секторға инвестиция салатын негізгі орталығы саналады.

«Осы жылдың 11 айында Алматының негізгі капиталына 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Инвестициялардың ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде, білім беруде, көлікте, денсаулық сақтауда, сумен жабдықтауда және канализацияда байқалады. Бұл экономиканың басым секторларын дамытуға арналған инвестициялар құрылымындағы сапалық өзгерісті растайды», деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, жалпы қала экономикасына 2024 жылы 2 триллион теңге, 2025 жылы 300 миллиард теңгеге өсумен 2,3 триллион теңге тарту жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы The New York Times газетінің нұсқасы бойынша «Баруға тұрарлық 52 жер» тізіміне енді. Condé Nast Traveller Italia журналы Қазақстанды әлемдегі ТОП 5 шаңғы тебуге арналған бағыттардың қатарына қосты.