Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында ересектер арасында ел біріншілігі басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы додаға 400-ден астам боксшы қатыспақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өткен Азия чемпионатында олжа салған боксшылар ел біріншілігінен босатылатынын айтты. Дегенмен де ішкі чемпионаттың бәсі жоғары болмақ. Себебі әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов сынды сақа боксшылар қатысатын додада жастар да бағын сынамақ. Атап айтқанда, жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан сынды саңлақтар рингке шығады. Чемпионат 24 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Спорт
•
19 Желтоқсан, 2024
Жарыс күнделігі
30 рет
көрсетілді