Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы вице-министр Сенатта өткен брифингте мәлімдеді.
«Қателеспесем, 33-тен астам азамат бар. Біз олармен үнемі байланыстамыз», деп сендірді Бақаев.
Министрдің орынбасары Таяу Шығыстан эвакуацияланған отандастарымыз туралы да айтты.
«Біз Газа секторынан 129 адамды, Ливаннан эвакуациялау кезінде 69 адамды елге қайтардық», деді ол.