Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ОКҚ алаңында өткен брифингте бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 миллион басқа жеткен. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артып отыр.
Аймақ басшысының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і биыл іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы.
«Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады», деді Б.Исабаев.