• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2015

Келісім өзегі – түсіністік

233 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ера­лы Тоғжановтың, Парла­мент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың, Астана қаласындағы «Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің төрайы­мы Тамара Ширмердің қа­тысуымен Ассамблея жылына ар­налған жиын өтті. Шара бары­сында Қуаныш Сұл­танов пен Та­мара Шир­мер «Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдық та­рихы» тақырыбында дәріс оқыды. Жиында сөз алған Ералы Тоғжанов биыл ел тарихында мән-мағынасы терең оқиғалар ұйымдастырылатынын, бұ­ған халық болып атсалысу қа­жет­тігін жеткізді. Айналамызда болып жатқан көп жағдайды білесіздер. Оның ішінде халық­аралық жағдайларды. Демек, осындай кезеңде ішкі саясаты мықты елдің ғана сыртқы саясаты да мықты болады. Ал ішкі саясатымыз мықты болу үшін халқымыз бір бола білуі керек. Осы орайда, яғни Ассамблея жылы аясында түрлі кездесулер өткізіледі. Бұлардың бар­лығы жайдан-жай емес, деді ҚХА Төрағасының орынбасары. Осылай дей келе, ол Ас­самблеяның тарихына да қыс­қаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, Украинада дәл қазіргідей шие­леністі жағдайлар орын алады деп ешкімнің де ойламағанын көлденең тартты. Міне, осындай жағдайларды үнемі назарда ұстап отыруымыз керек. Біздегі тұрақтылық пен бірліктің, келі­сімнің арқасында мемлекет өзінің дамуына алғышарт жа­­сай білді. Оған 1995 жылы құ­рыл­ған ҚХА-ның қосқан үлесі зор. Біз жұртшылыққа оның маңызын әрдайым жеткі­зіп, тү­сін­діріп отыруымыз керек, деді бұл орайда Ералы Лұқ­панұлы. Қуаныш Сұлтанов: «Биылғы жылы бірін-бірі жалғастырып, бірін-бірі толықтыратын ау­қым­ды шаралар өтеді. Олар бір жағынан, мерекелік шаралар, екінші жағынан, қоғамдық, мемлекеттік, халықтың рухани, саналық өсіп-өркендеу дәуі­рінің көрсеткіштері. Сон­дық­тан, Елбасының тапсырмасы бойынша, барлық салада осы оқиғаларға дайындықтар жүріп жатыр. Бұл өз-өзімізді тануымызға сеп болады. Бұл мемлекетіміздің қандай жолдармен жүріп келе жатқандығын, ұлтымыздың қаншалықты дең­гейде өскендігін, кімнің кім екенін білуге де сеп бола­ды. Мемлекетті жасайтын қоғамның әрбір мүшесі. Біз мем­лекетіміздің жаңа заман­дағы іргетасын жасап, ұл­ты­мыздың өсуіне, ел әлеуетінің қуат­тануына бәріміз мүдделес болуымыз керек», деді. Осылай дей келе, Қ.Сұл­та­нов Ассамблеяның құрылу кезеңдері жөнінде баяндап бер­ді. Кез келген шешім, оның ішін­де Елбасы деңгейіндегі тарихи шешімдер үлкен пікір алысулардан өткен. Ол кезінде жария болмаған, қазір де солай. Қазір мемлекеттің тағдырына қатысты мәселелер болса, оны Президент сол мәселеге өкілетті азаматтармен, маман­дармен бірнеше рет сараптай отырып, шешім жасап жата­ды. Ал егер шегініс жасап, 1991 жылды еске алатын болсақ, ол кезеңді бүгінгі күнмен салыстыруға келмейді. Ол кездегі үдерістердің өзі де басқаша еді. Алайда сол кездің өзінде халықтың тыныштығы мен бірлігін қамтамасыз ету мәселесі көп айтылатын. Егер де бірлік болмаса, ішкі тұрақ­ты­лық болмаса, қандай да бір реформа туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бұл жайында әр күн сайын Мемлекет басшысы айтып келеді. Қазақстан – көп­эт­носты ел. Ал осындай елде кез келген жағдай кез келген сәт­те ушығып кетуі әбден мүм­кін. Демек, осыдан-ақ ҚХА-ның рөлі қандай болатыны айқын­дала түседі. Бү­гінде бұл инс­ти­туттың қоғам­дық келісім­ді өзек еткен идея­сы ғана маң­ыз­ды болып отыр­ған жоқ, оның мемлекеттің құ­ры­лымына ық­пал-әсері де жыл өткен сайын артып келеді, деді Қ. Сұлтанов. Сондай-ақ, шараға қаты­су­­шылар этносаралық және қо­­ғамдық келісімнің қазақ­стан­­дық моделін жан-жақты на­си­­хаттау бағытында әлі де жұ­­мыстар жүргізу қажеттігін айтты. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар