• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 12:23

Іздеуде жүрген алаяқ Дубайдан Қазақстанға жеткізілді

22 рет
көрсетілді

20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz. 

2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

Осы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге жіберу туралы шешім қабылдады.

Ұсталған адам ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды.