Бразилияның Грамадо қаласында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан борттағы 10 адамның барлығы қаза тауып, тағы оннан астам адам дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz CNN арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң болған. Ұшақ алдымен ғимараттың мұржасына, кейін үйге, соңында жиһаз дүкеніне соқтығысқан.
Рио-Гранди-ду-Сул штатының азаматтық қорғанысының мәліметінше, кем дегенде 17 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі түтінді жұтып, ауруханаға жатқызылған.
Рио-Гранде-ду-Сул губернаторы Эдуардо Лейте ұшақ бортындағы 10 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеген. Мемлекеттік азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері болған.
Жергілікті билік қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.