• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:45

Түркияда қар көшкіні астында қалған спортшы көз жұмды

16 рет
көрсетілді

Эрзурум провинциясында қар көшкінінің салдарынан Паландекон шаңғы орталығында оқу-жаттығу жиынында болған дзюдодан Түркия жастар құрамасының 16 жасар ойыншысы Эмре Йозган қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Азертадж басылымына сілтеме жасап.

Сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де бір топ спортшы жаттығу жасап жатқан аймақта қар көшкіні болған.

«Жас дзюдошы мойыны мен омыртқасының сынуы салдарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы үш спортшы жарақат алды», делінген хабарламада.

Көмекке Төтенше жағдайлар министрлігі мен жандармерия қызметкерлері келген. Марқұмның мәйіті екі метр қардың астынан табылғаны хабарланды.