• RUB:
    6.06
  • USD:
    520.48
  • EUR:
    574.61
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Желтоқсан, 2024

Александр Лукашенко президенттікке кандидатурасын ұсынды

60 рет
көрсетілді

Беларусь Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Александр Лукашенконы алдағы президент сайлауына үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ президенттікке үміткерлер тізімінде: «Коммунист Беларусь» газетінің бас редакторы Сергей Сыранков, «БелНИИПГрадостроительство» директоры Александр Хижняк, депутат Олег Гайдукевич және кәсіпкер Анна Канопацкая бар.

Бұрын қабылданған сайлау жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 1 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында өтеді. 21 қаңтар мен 25 қаңтарды қоса алғанда, елде президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беру өтеді. Айта кетейік, негізгі дауыс беру күні - 26 қаңтар.