• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

210 рет
көрсетілді

* «ҚазАгро» холдингі активтерінің құны 981 млрд. теңге болды.  Бұл – 2013 жылғы деңгейден 1,4 есеге жоғары. Ал меншікті капиталы 379 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, құрылым өткен жылды 5,7 млрд. теңге көлемінде пайдамен аяқтады. * Еліміз ірі қара мал етінің экспортын 14 есеге ұлғайтты. Ауыл шаруашылығы министр­лігінің дерегінше, мемлекеттік несиелік бағдарламалардың арқасында фермерлік ұжымдар 83,8 мың қой және 11,6 мың жыл­қы сатып алды. Бұдан бөлек, 1 800 мал басы бар 19 сүт­ті-тауарлы ферма қаржы­лан­ды­рылған. * Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты. Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерін елордаға жеткізу бағытында 128 тауар өндіруші жұмыс істейді. Өткен жылы қала базарларына 69,3 мың тонна сүт өнімі, 19,6 мың тонна ет өнімі және 230,5 млн. дана жұмыртқа әкелінген. * Оңтүстік Қазақстанда ауыз суға субсидия берiліп жатыр. Кентау қаласы мен оған қарасты Байылдыр, Хантағы ауылдарының тұрғындарына ауыз суға қатысты жеңілдіктер берілуде. «Ащысай су» МКК-нiң бөлiм басшысы Әбдiманап Халилашұлының айтуынша, шаһар аумағында бекiтiлген тариф – 1 текше метрге 65 теңге 18 тиын. Соның 35 теңге 18 тиыны мемлекет тарапынан субсидиялануда. * Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін бар жағдай жасалған нысанның құрылысын «Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жоба құны – 87,110 млн. теңге. * Жамбыл өңірінде баламалы энергетиканы да­мытуға барынша көңіл бө­лініп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын  үй-ком­муналдық шаруашылығы бас­қармасының басшысы Мұхтар Төлеулиевтің сөзіне қарағанда, соңғы 5 жыл ішінде салаға 464 млн. доллар көлемінде инвес­тиция тартылған. * Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласының бюджеті 25,6 млрд. теңгені құрады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының дерегінше,  соңғы төрт жылда аймақта – 24, соның ішінде ауылдық жерде 16 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілген. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.