Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, барлығы 29 адам зардап шеккен: оның ішінде 27 адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазір 11 адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөліміне жатқызылды.
Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түсті, оларға ота жасалатыны хабарланды.
Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнынан 4 адамның денесі табылғанын атап өтті.
Көпбейінді облыстық ауруханаға түскендер бойынша ақпарат:
№
Т.А.Ә.
Жасы
Азаматтық
1
Асанов Ринат
03.11.2004 ж.т.
Қырғызстан
2
Османов Т.
20.08.1998 ж.т.
Қырғызстан
3
Джумалиев Е.
04.07.1988
Ресей
4
Евстегнеева К.
30.07.1990
Ресей
5
Байрамзара А.
28.03.2004
Әзербайжан
6
Алиев З.
05.06.1998
Әзербайжан
7
Жалелов Н.
01.09.1992
Әзербайжан
8
Мамедов З.
17.08.1988
Ресей
9
Сираков Н.
17.03.1953
Әзербайжан
10
Арысбаева М.
06.02.1980
Ресей
11
Асадов С.
15.08.1967
Әзербайжан
12
Бисекеева Д.
1970 ж.т.
Ресей
13
Караев Н.
07.06.1988
Әзербайжан
14
Сейдахматова М.
1975 ж.т.
Ресей
15
Кадиров Г.
28.05.1978
Әзербайжан
16
Разимли А.
20.09.1999
Әзербайжан
17
Эдиев У.
15.09.1969
Ресей
18
Белгісіз
аты Азой
Ресей
19
Джапаров Т.
26.04.1992
Әзербайжан
20
Дережиев Т.
09.01.1959
Әзербайжан
21
Дирбисиков С.
12.30.1986
Әзербайжан
22
Папахов С.
30.10.1976
Ресей
23
Кафа Ш.
26.01.1981
Әзербайжан
24
Белгісіз Лейла
1996 ж.т.
Әзербайжан
25
Рахимов С.
30.10.1976
Ресей
26
Белгісіз әйел
32 жас
белгісіз
27
Белгісіз әйел
40 жас
белгісіз
28
Арсбаева М.
(бала)
13.08.2013
Германияда тұрады
азаматтығын білмейді
29
Джерова С.Х.
(бала)
22.01.2008
Әзербайжан
Апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 АМО (Апаттар медицинасы орталығы) бригадасы және 4 жеделділік санатындағы 2 бригада жіберілді.
Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға орнына ҚР ТЖМ жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған соңғы ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі болған.
ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды.