ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Ақбас Алатау баурайында орналасқан шырайлы шаһардағы көшелердің бірі енді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қаратал ауылының тумасы, дарынды кинорежиссер Аяған Шәжімбаевтың есімімен аталатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің атына хат жолдап, тәуелсіз Қазақстанның кино өнерінде өзіндік қолтаңбамен айшықталған белгілі кинорежиссер, қарымды журналист Аяған Шәжімбайдың есімін оңтүстік астананың бір көшесіне беру туралы ұсыныс білдірген болатын.
Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов қол қойған ресми жауап хат «42 жасында жұлдыздай ағып өтсе де, артына мол мұра қалдырған бауырымның атын алматылықтардың ұлықтағанына шын қуаныштымыз», деп басталыпты. Хатта Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданындағы бір көшеге есімі берілгендігі хабарланыпты. Сондай-ақ, Аяған тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнату мәселесінің оң шешілетіні де айтылған, дейді Шәжімбаевтар отбасының тұңғышы Құдайберген Қуандықұлы.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: thenwes.kz.