Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рагимлидің видеосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. Әзербайжандағы БАҚ ауруханада жатқан бортсеріктің жағдайын білуге барғанда ол көз жасына ерік беріп, қатты жылаған. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.
Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты.
Бүгін Әзербайжанда Аза тұту күні болып жарияланды.