• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

101 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комис­сия отырысы шең­берінде күн тәрті­бінен тыс Премьер-министрдің орынба­сары Қанат Бозым­баевтың Ақтау қаласы ма­ңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкі­меттік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Құтқару қызметі іздеу жұмыс­тарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқы­зылды, 38 адам қаза тапты. Пациенттер түрлі жара­қаттармен, негізінен көптеген жарақатпен түскен. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар профильдер бойынша ауру­ха­наға жатқызылды, толық көлемде ем алуда. Сондай-ақ санитарлық авиация желісі арқылы Астанадан Ұлттық шұғыл медицина орталығы мен жетекші республика­лық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді. Отан­­дық мамандардан бө­лек РФ ТЖМ арнайы кеңесі мен Әзербайжан Респуб­­­ли­ка­сының санитарлық авиа­ция бригадасы да келді. Зар­дап шеккендер мен қаза тап­қандардың туыстары келеді, оларға облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақ­тану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Психологтер тобы жұмыс істеп жатыр.

Өз кезегінде Көлік ми­нистрлігі Әзербайжан Рес­пуб­ликасы Үкіметімен бір­лесіп жұ­мыс істейді. Ертең Брази­лия­ның авиация­лық билігі мен Embraer 190 компаниясы келеді деп күтілуде. Түпқараған ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы бо­йынша зардап шеккендер­ге толық көлемде медицина­лық көмек көр­се­тіліп қаза тапқандардың туыс­тары мен жақындарына қа­­­жетті қолдау шаралары көр­сеті­­ліп жатыр. Қазіргі уақытта же­­дел желі жұмыс істеп тұр, оған мың­­нан астам қоңырау түсті.

«Бірінші кезекте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстан Үкіметі мен уәкілетті органдар зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетуде», деп атап өтті О.Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр авиациялық қауіп­сіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу, әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын, құзы­­ретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиға­ларына жедел ден қою мақ­сатында апаттық-құтқару жұмыс­тарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік орган­дардың үйлесімді жұмы­сын қамтамасыз ету қажет.Орын алған жағдайдан осын­дай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет», деп атап өтті Премьер-министр.