• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2015

Оңтүстік Қазақстанда есі кем әйел 6 жасар қызды өлтіріп қойды

404 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысында психикалық аурумен ауыратын бір әйел туыс сіңлісін өлтіріп тастады. Бұл туралы прокуратура мәліметіне сілтеме жасаған Times.kz хабарлады. Ордабасы ауданының орталығы Темірлан селосында болған оқиға естіген жанды естен тандырды. Психикалық дертпен ауыратын әйел 6 жасар туыс сіңлісінің басын кесіп алған. «Редакцияның құзырында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы оқиғаны тексеру барысынан түсіріп алған бейнежелісі бар.онда бассыз қалған баланың денесі ақ жамлығына орын жатыр. Ал басты полиэтилен қалтадан алып шығарады. Жазбада өлтірілген қыздың туу туралы куәлігі көрсетіледі. Құжатта оның қыз бала, аты Еркежан екені жазылған», - деп баяндайды басылым. Баланың өлтірілу фактісі болғанын Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасындағылар растады. Олар 2008 жылғы 31 қаңтарда туған қыздың Ордабасы ауданы Темірлан кентінде өлтірілгенін жеткізді. Тергеудің болжасы бойынша, ақылы кем әйел алдымен қызды өлтірген, басын содан кейін кесіп алған. Қазіргі таңда қылмысты жасады деген күдік таңылған әйелді еріксіз емдеу орындарына апарып, емдету жолдары қарастырылып жатыр. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фото: Times.kz.