• RUB:
    4.99
  • USD:
    523.54
  • EUR:
    546.47
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Желтоқсан, 2024

Тұман, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы

18 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қонаев қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбеде кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

«Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады», дейді синоптиктер.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Оралда көктайғақ, тұман болады.