Жергілікті биліктің алдын ала мәліметі бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында Қазақстан азаматтары болмаған. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.
Ұшақ бортында 181 адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша 179 адам қаза тауып, 2 адам тірі қалған.