• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2015

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның саясатын қолдайды

484 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 қаңтар. Мемлекет басшысының 2017-2018 жылдардағы кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне еліміздің кандидатурасын ілгерілету шаралары бойынша жолдауы БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға табыс етілді. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлады. «Жолдауды Қазақстан Президентінің арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Абу Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхамед бен Заид Әл Нахаянмен өткен кездесуде қолма-қол табыстады», – делінген министрліктің хабарламасында. Кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды басымдық екені және Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен үлес қосуға ниетті екендігі атап өтілді. А.Мусинов еліміздің қауіпсіздіктің жалпыға ортақ тұжырымдамасына бекемдігін атап өтті. Бұл қауіпсіздіктің, адам құқықтарының және тұрақты даму мәселелерінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігін меңзейді. Абу Дабидің мұрагер ханзадасы Әмірліктердің Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті. Айдар Өрісбаев. Дерек: strategy2050.kz. Сурет: titus.kz.