• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Желтоқсан, 2024

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

34 рет
көрсетілді

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлмира Кәрімова В.И. Ульянов - Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған.

2007 жылдан бастап Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.