• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Табиғат 31 Желтоқсан, 2024

Үстірт қорығында итаю фототұзаққа ілінді

26 рет
көрсетілді

Оны Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның шектеулі аумағында ғана кездесетін сирек жыртқыш – итаю (Mellivora capensis) Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайларды, өсімдіктері түрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш, қараған өскен жерлерді мекендейді.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасы мәліметінше негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де байқалуы мүмкін итаю – жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді. Қорық қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталып жатыр. Бұл Үстірт қорығының биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі маңыздылығын көрсетеді.