• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2024

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушылар елдеріне жеткізілді - министрлік

29 рет
көрсетілді

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның барлығы елдеріне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен Әзербайжанның үш азаматы Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 6 күн емделгеннен кейін арнайы ұшақпен отанына жеткізілді.

Науқастардың біреуі механикалық желдетуден, вазопрессордан және дәрілік седациядан ажыратылған. Басқа екі зардап шеккен науқастарда вазопрессордың дозасы ең төменгі дозаға дейін төмендетілген. 

«Қайғылы оқиғадан кейін дәрігерлердің білікті іс-қимылының арқасында келіп түскен барлық пациенттердің жағдайының динамикасы тұрақтандырылды, нашарлау байқалмады. Апаттан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына, екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын.