• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Пікір 05 Қаңтар, 2025

Ұлт тұтастығы бірліктен басталады

482 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты кең көлемді сұхбатымен зор ықыласпен танысып шықтым. Мемлекет басшысы әдеттегідей еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, экономика мен бизнес, мәдениет пен тіл, қаржы мен валюта, заң мен тәртіп, басқа да бірқатар мәселені егжей-тегжейлі қозғаған.

Соның ішінде Президент ғылым мен білім, жастар мәселесін өз жұмысының басым бағыты екенін тағы да айшықтай түсті. Сөз жоқ, жастар – қоғамның қозғаушы күші, ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек. Білім нәрі мен дәнін бойға сіңіруге тиіс.

Ел болашағы олардың күш-жігеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты десек, қазіргі ұрпақтың еліміздің кемел келешегін нығайтуға деген құлшынысы зор. Елімізде санасы азат, ойы сергек тұтас бір жаңа буын қалыптасып, өсіп жетілді. Біз Тәуелсіздігіміздің тағы бір белесіне жарқын жетістіктермен аяқ басып келеміз. Өскелең ұрпақтың ертеңі үшін мемлекет тарапынан маңызды шешімдер қабылданып жатыр. «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарымыз әлемнің беделді оқу орындарында білімін көтерді. Еліміздегі жоғары білім беретін оқу ордаларының дәрежесі жыл санап өсіп келеді. ЖОО білім беру бағдарламалары да жаңарып, әлемдік стандарттармен сәйкестендірілді. Тарихы терең, мәр­тебесі жоғары университеттер студенттерге осы жүйе бойынша білім береді.

Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық. Еліміздің жоғары оқу орындары әлемдегі үздік университеттері қата­рына батыл еніп келеді. Ғы­лымға қаржы бөлу, оқытудың жаңа бағдарламалары және ғылыми әзірле­мелерді іс жүзінде қолдануға баса назар аударылып жатыр.

Сондай-ақ студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту әрі реформалау бойынша ауқымды шара­лар қабылданып отыр. Ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау мен коммерция­ландыру жөніндегі бағдарламалар енгізіліп келеді. Тұтастай алғанда, білім беру жүйесі мен ғылым саласы ғы­лыми-технологиялық прогресс сұра­ныстарынан туындайтын серпінді даму сатысында тұр.

Ең алдымен, береке-бірлігі, ын­тымағы жарасқан жастарымыз ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтыл­майтынын, ештеңден құр қалмай­тынын түсінген. Себебі олар елдің тұтастығы береке-бірліктен басталатынын жақсы біледі.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ,

ҰҒА академигі