• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

Ақмола облысында 7 адам боранның салдарынан жолда қалып қойған

109 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам мінген жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялаған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

«Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа-райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге», делінген хабарламада.