• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

Еліміздегі 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

70 рет
көрсетілді

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жалпы 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталған, оның ішінде шетелдік қылмыскерлердің жетекшілерінің көмекшілері де бар. Олардың 40-ы сотталып, қалғандарымен сотқа дейінгі тергеулер әлі жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.