ТАРАЗ. 4 қаңтар. Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкірекбаевтың өкімімен облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Тортаев Ілияс Әлімұлы тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ілияс Тортаевтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. 1953 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1974 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 1998 жылы «Әділет» Жоғары құқық мектебін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты сәулет құрылысы кафедрасының ассистенті болып бастаған.
1995-1996 жылдары Шу ауданы Шу қаласы әкімінің орынбасары, 1996 жылдың қаңтар-маусым аралығында №12 жол-көпір құрылыс басқармасының бастығы, 1996-2005 жылдары «Жамбылдорстрой» ААҚ-тың президенті, 2005-2009 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2009-2012 жылдары Қордай ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары Шу ауданының әкімі, 2013-2014 жылдары құрылыс компаниясының менеджері қызметтерін атқарған.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ria.ru.