Қытайдың Харбин қаласы биыл екінші рет Қысқы Азия ойындарын қабылдайды, деп жазады Egemen.kz.
Харбин қаласы бұған дейін 1996 жылы жарыс қожайыны болған. Осы кезеңде ел құрамасы алғаш рет қысқы Азия ойындарында бақ сынаған еді.
Биылғы бәсеке 7-14 ақпан күндері аралығында Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау шаңғысы курортында өтеді.
IX Қысқы Азия ойындарында 11 спорт түрінен 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл спорттық сайыста ел намысын 139 спортшы қорғайды.
Әлемнің 39 елінен жеткен атлеттер жүлдеге таласады.