• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қаңтар, 2025

Қырғызстанда снаряд жарылып, екі адам зардап шекті

46 рет
көрсетілді

5 қаңтарда Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысы Лейлек ауданы Арқа-2 ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз жарылғыш зат жарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, жарылысқа үй иесі ескі құрылыс материалдарының арасынан тауып алған снаряд себеп болған. Жарылыс салдарынан қасында болған әйел мен оның 12 жасар қызы жарақат алған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы тұрақты деп бағаланған.

«Сонымен қатар сол күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері арасында кездесу өтіп, онда тәжік тарапы болған оқиға туралы хабардар етілді. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі шекаралас аймақтардың тұрғындарын қырағы болуға және табылған күдікті заттарға қол тигізбеуге, дереу шекара бөлімшелеріне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді», делінген хабарламада.