Аталған фактіні «Табиғатты қорғау» полициясының қызметкерлері Лепсі өзені бойында жүргізген рейд барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланып браконьерлікпен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталып, бұзушыдан ұзындығы 100 метр және ені 5 метр 8 балық аулауға арналған тор, 16 темір тор, сондай-ақ қайық және 100 келіден астам балық табылған.
Polisia.kz-тің ақпаратынша табиғатқа келтірілген залал алдын ала есептеулер бойынша шамамен 777 мың теңгені құрап отыр.
Табиғатты қорғау қызметтері өкілдерінің айтуынша, браконьерлік экожүйеге елеулі зиян келтіретіндіктен, онымен айналысушыларға 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылады.