• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №37 

297 рет
көрсетілді

2015 жылғы 21 қаңтар, Астана қаласы Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің  тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы №37 бұйрығымен бекітілген Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мем ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі 1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 6. «Электрондық үкімет» веб-порталы. 7. «Электрондық үкімет» шлюзі. 8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі. 9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы.. 10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы. 11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі. 12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі. 13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі. 14. «KZ домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі. 15. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі. 16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі. 17. «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі. 18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі. 19. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі. 21. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы. 22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы». 24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 25. «E-learning» электрондық оқыту жүйесі. 26. Мемлекеттік органдардың интранет-порталы. 27. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі. 28. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық почта жүйесі» ақпараттық жүйесі.