«Алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келуі күтіліп отыр. Келген соң сарапшылар сол алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі», делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болғандардың арасында 6 Қазақстан азаматы болған.