• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы қалай

50 рет
көрсетілді

21 желтоқсан күні Семей қаласында мұғалім шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, зардап шеккен еді. Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімнің қазіргі ахуалын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиев бассүйегі сынып, миы­­на зақым келген. Дәрігерлер оқиға болған күні оған ота жасаған. 

Сол күннен бері ақ халаттылардың бақылауында болған мұғалім бүгін ауруханадан шықты. Бұл туралы Ғани Бейсембаев айтты. 

Министрдің сөзінше, Қуат Айтқалиев толықтай сауығып шыққан. 

«Бұл мәселені үнемі бақылауымда ұстап отырмын. Қазір бұл мәселемен әкімдік айналысып жатыр. Кінәлілер жазаланды. Тексеру толық аяқталғаннан кейін тиісті шара қолданылады», деді Оқу-ағарту министрі.