Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан спортшылары 6 қысқы Азия ойындарына қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше отандастарымыз 78 алтын медаль жеңіп алған:
Шаңғы – 26 алтын.Биатлон – 19 алтын.Шаңғымен бағдарлау – 8 алтын.Шайбалы хоккей – 7 алтын.Тау шаңғысы – 5 алтын.Фристайл – 5 алтын.Конькимен жүгіру – 4 алтын.Мәнерлеп сырғанау – 2 алтын.Бенди – 1 алтын.Шаңғымен тұғырдан секіру – 1 алтын.
Еске салайық, IX қысқы Азия ойындары биыл ақпанның 7-14 күндері Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.