2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды, осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.
Лицензиялауды енгізу – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі, ол көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге, АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады. Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жарамды ғимараттың болуы, қажетті материалдық-техникалық базаның және қызметкерлер құрамының болуы, халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тағы басқалар.
2024 жылдың қазан айынан бастап ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқарушы органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйымды лицензиялауға дайындау мәселелері пысықталды. Лицензия алуға өтінім Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.