11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының жергілікті фермерлері мен өндірушілерінің өнімдері тікелей ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидекті, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды тиімді бағада сатып ала алады.
Жәрмеңке Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, қалалық жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.