Қытайда әлемдегі ең үлкен су электр стансасы толық іске қосылды. Бұл алып құрылыс елдің шығысындағы Чэндэ қаласында орналасқан.
2021 жылы нысанның алғашқы бөлігі қолданысқа берілген еді. Содан бері 8,5 миллиард киловатт сағат электр энергиясы өндірілген. Енді станса толықтай іске қосылғаннан кейін көмірқышқыл газының мөлшерін жылына 1 миллион 200 мың тоннаға азайтады. Бұл көрсеткіш – елдің экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай ықпал ететіні анық.
Ең қарт қоғам
Оңтүстік Корея ресми түрде «ең қарт қоғам» санатына енді. Елде жасы 65-тен асқан адамдардың саны 10,24 миллионға жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
Ал бұған билік қатты алаңдаулы. Өйткені Оңтүстік Корея туу көрсеткіші күрт азайған мемлекеттер қатарында. Оған себеп – елдегі ер адамдар отбасы құрудағы жауапкершіліктен қашса, қыздар балалы болудан гөрі мансапты ойлайды. Сондықтан биыл үкіметке демографиялық дағдарысты реттеу жөнінде тапсырма берілді.
Велосипедтер елі
Нидерланд елі велосипед экспорттаудан көш бастап тұр.
Голландықтар жылына 1,2 млн велосипедті шет мемлекеттерге сатып, одан шамамен 3 млрд еуродан астам табыс тауып отыр. Халқының саны – 17,8 млн. Ал көліктің бұл түрі 25 миллионға жуық. Бір ғана Амстердамның өзінде 800 000-нан асады. Тіпті туристерге де арнайы саяхат бағыттары әзірленген.