• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 09:28

Білім-ғылым ынтымақтастығы маңызды

44 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіндегі сұхбатында еліміздің дамуы­на қатысты біршама өзекті мәселелер айтыл­ған. Сонымен қатар жоспарланған маңызды бастамалар тал­қыланды.

Жалпы білім және ғылым саласында қызмет атқарып, жас­тарды тәрбиелеуге атсалысып жүргендіктен, олардың игі­лігі үшін іске асып жатқан реформаларға тоқталып кетсем деймін. Президентіміз жастар игілігі үшін жасалынып жат­қан реформалар мемлекет стратегиясының түпкі мәні екенін баса айтты. Сонымен бірге осы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанына да тоқталды. Ал жаһандану үдерісінің бір ерекшелігі ретінде жастардың білім алу мақ­сатында немесе қызметте өсу үшін шетелге көптеп шығуына түсіністікпен қарауға шақырды.

Жас ғалым­дардың халық­ара­лық «Болашақ» сти­пен­­дия­сының шетел­дегі ғылы­ми орта­лық­­тар­да тағы­лым­дамадан өтуі – зор мүмкіндік. Ра­сы­мен осын­дай сапалы ғылыми тағы­­лым­­­дамалар елімізге ауадай қа­­жет. Сондай-ақ ұлттық идео­ло­гияны қалыптастыруға қатысты зерттеулер жүргізу, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеп, еліміздің абырой-беделін арттыруға атсалысу мақсатында халықаралық «Болашақ» бағдар­ламасымен мүмкіндігінше оқыту­шы­ларды, зерттеушілерді әлем­нің белді университеттеріне жібе­руге басымдық болса дейміз.

Бүгінде шетелде білім алу орындалмайтын арман емес. Нақты мақсатты көздеп, алға – білім мен табыс жо­лына ұмтылғандар үшін әлемнің барлық елдерінің ең бедел­ді университеттері мен колледждерінің есігі әрдайым ашық. Тағылымдама барысында алған тәжірибемізді елімізге таныстыру, сондай-ақ шетелдік әріптестерімізбен тығыз байланыс­ орнатып, өз саламыз бойынша біріккен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру білім-ғылым саласының дамуына септігін тигізер еді. Президентіміз айтқандай, Қазақстан деген брендті әлемге таныту маңызды миссиямыз болу керек.

 

Гүлнаш Асхат,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі, PhD